Димаш Құдайберген Қырғызстанға арнайы келіп, «Мейкин Азия» фестивалін қолдады

1148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3qNf9yzfrgN4LLDDFPXNrl7GALkwHfxFusnkXLMo.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қырғызстандағы халықаралық «Мейкин Азия» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы фестивальдің негізін қалаушы, Қырғыз Республикасының халық жазушысы, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді.

22 шілде күні Димаш Ыстықкөл жағалауында өтіп жатқан фестивальге келіп, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Оны фестиваль алаңында Сұлтан Раевтың өзі қарсы алды.

Раевтың айтуынша, ол Димашпен бірнеше рет кездескен. Әнші 12 жыл бұрын дәл осы фестивальде алғаш рет халықаралық деңгейде гран-при жеңіп алып, елге танылған.

«Сол кезде ол небәрі 19 жаста еді. Фестивальде 16 елдің мықты вокалистері бақ сынады. Димаш солардың арасынан суырылып шығып, бас жүлдені иеленді. Содан бері ол – әлемдік жұлдыз», – деді Сұлтан Раев.

Раев сонымен қатар Димашқа Қырғызстанға келу туралы ұсынысты былтыр Түркияда өткен концерт кезінде айтқанын жеткізді. 

Одан бөлек, Сұлтан Раев желідегі парақшасында:

"Мейкин Азия" фестивалінің жаңғырығы, Димаштың ғарыштық үні Мексикаға жетті. Мексикалық сегментте бұл сурет жарияланды… Мексикадан махаббатпен!" - деп сурет жариялады.

Возможно, это зарисовка (текст «M b ト»)

评论