Маңғыстау облысында мектеп шатыры опырылып кетті

1029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JBw9CetmYMkurbIqKlxeqtHf3su5b9dT3hC10hNN.jpg

Маңғыстау облысында мектеп шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға бүгін таңертең Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы мектеп-гимназия ғимаратының акт залында болған.

Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, мектеп ғимараты 2009 жылы салынып, пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1200-ден аса бала білім алады екен.

“Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажет тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.  Бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады”, – делінген хабарламада. 

评论