“Бағанашыл” балалар үйіне қатысты қызметтік тексеру басталды

1842
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/69ZH9tXNJnA9J7gE84mr86t4pwAQMuX2fp4gfMTS.jpg

Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне байланысты жан-жақты әрі объективті қызметтік тексеру жүргізу мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің комиссиясы келді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Комиссия мүшелері мекеменіңтәрбиеленушілерімен, басшылығымен жәнеқызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

Тексеру шеңберінде Президент Әкімшілігінің өкілдері балалар үйінде тұру және оқу жағдайларымен танысып, іргелес инфрақұрылым ғимараттарын тексерді. Қазір көшу туралы шешім қабылдауға байланысты құжаттаманы жинау және талдау жүргізілуде. Жетім балаларға қатысты заңнамада көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.

Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдықпен жүргізіледі.

评论