Бүгін, 21 шілдеде Бангладеш астанасы Дакка қаласында әскери ұшақ колледж ғимаратына құлап, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға колледжде сабақ өтіп жатқан кезде болған.
Жергілікті биліктің мәліметінше, шамамен 150 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың арасында оқытушылар мен студенттер бар. Олардың басым бөлігі ауыр жағдайда жатыр.
Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Бангладеш билігі 22 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Уақытша үкімет басшысы Мохаммад Юнус қайғылы оқиғаны толық зерттеп, зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді.