Қазақстан һәм Өзбекстан — мәңгілік тату көршілер

2430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TXuwXLZbDwpMsCXu3rTWgVCbuFm3hdRrc1yV6SY7.jpg

Кеңес үкіметінің дәуірі жүріп тұрған заман. Алматы. Орталық стадион. Футбол мачты алды. Жанкүйерлер 30 мыңдық орны бар Орталық стадионға кірерге билет таппай, «Артық билет бар ма?» деп, алыстан келе жатқандардың алдын орағытады... Билеті барлар – маңғаз: «Жоқ» дейді де, өте береді... Кассаның алды ығыжығы, бейнебір, бүгін билет болмаса – ертең таң атпай қалатындай...

...Сіздер, мүмкін, Алматыға әлемнің озық командасы Бразилия келді деп ойлап қалған боларсыздар?..  Жо-жоқ, бүгін Алматыда «Қайрат» пен Ташкенттің «Пахтакор» командалары ойнайды «Пахтакор» Алматы стадионына ең көп жанкүйер жинайтын команда! (Сол сияқты, «Қайрат» та Ташкентте стадионды лық толтырушы еді...). Неге десеңіз, сол кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «социалистік жарыс» шырқаушегіне жетіп, ол, тіптен, спорт саласын да қамтыған болатын.

Шынайы достықтың ауыр жолы...

Әрине, Кеңес үкіметінің ұлттық саясаты Одақтас республикалар арасындағы достық қатынасқа оңды ықпал еткен емес. Сондықтан, екі көрші республикалардың арасында көзге көрінбейтін бір шиеленіс сезілетін. Ол адамдардың өзара қатынасында, өнерде, ғылымда, спортта, мәдениетте және т.т. байқалатын. Себебі, бұл саясатты жүргізіп отырған Мәскеу, бірінің арқасынан сипай отырып, оны екіншісіне қарсы қоюдың небір құйтырқы жолдарын меңгерген еді. Шешімдер Мәскеуде қабылданатындықтан, әр Республика тек өз жағдайын ойлап, «көршілікке» аса мән бере бермейтінді...  

Дегенмен, өзбек халқы бізге тек көрші емес, түбі бір туыс халық болып саналады. Сондықтан, екі ел дербестікке қол жеткізген соң, арадағы қарымқатынас біртіндеп шынайы достық, тең әріптестік қатынасқа ойысты.

Қазіргі жағдайда екі арадағы қатынас толық реттелген, шегаралық және өзге мәселелер регламенттелген. Енді, бүкіл Қазақстан халқы Өзбекстанның футбол құрамасының Әлем чемпионатына жолдама алуын қуанышпен қабылдап, Өзбек құрама командасының тілеуін тілеп отыр десек – қателеспейміз.

Сол себепті, біз де аратұра көрші Өзбекстанның экономикалық және басқа салаларының дамуына назар аударып, оны өзімізбен салыстырмалы түрде бағалапотыруымыз керек. Бұл екі ел арасындағы интеграциялық процестерді дұрыс жолға қоюдың бірден-бір басты шарты болып табылады:

1. Экономикалық ауқымы мен тұрақтылығы

Қазіргі жағдайда Қазақстан макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Өзбекстаннан айтарлықтай алда.2024 жылғы номиналды ЖІӨ: Қазақстан — $286 млрд., Өзбекстан — $115 млрд. Жан басына шаққандағы ЖІӨ:Қазақстан — 514 187 теңге (~$14 300), Өзбекстан — 53 113 сум (~$3 090).

Қазақстан инфляцияны бақылау бойынша ТМД елдері ішінде үздік үштікке кіреді, бұл жағынан Өзбекстаннан озық тұр.

2. Сыртқы экономикалық белсенділік және қарыз тұрақтылығы

2024 жылғы тауар айналымы:  Қазақстан — $141,4 млрд, профицит $21,8 млрд.,  Өзбекстан — $55,0 млрд, дефицит –$15,5 млрд

Мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы (2024): Қазақстан — 11,3 %, сыртқы қарыз тұрақты, Өзбекстан — 35 %, оның ішінде сыртқы қарыз — $33,7 млрд (жыл ішінде $4,1 млрд-қа өсті). Себебі, Өзбекстанның ішкі ресурстары шектеулі әрі ішкі капитал нарығы әлсіз болғандықтан, сыртқы қарызға тәуелділігі жоғары дейді сарапшылар.

Қазақстанның Ұлттық қоры (2000 жылдан бері жиналған активтері — $60 млрд) — макроэкономикалық тұрақтылықтың тірегі.

Өзбекстан 2024 жылы UzNIF — Ұлттық инвестициялық қорын құрды. Бұл қор мемлекеттік активтерді басқаруға және IPO-ға дайындыққа арналған.

Қазақстанның Ұлттық қоры тұрақтандыру міндетін атқарса,

UzNIF «Самұрық-Қазына» секілді, мемлекеттің активтерін басқаруға бағытталған.

4. Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтері

Қазақстанның қор нарығы тұрақты өсім көрсетуде:

Соңғы 5 жылда капитализация $74,4 млрд-тан $146,1 млрд-қа өсті, Екі биржа жұмыс істейді:

KASE — ішкі қор нарығының ірі алаңы

AIX (АХҚО) — жаһандық инвесторларға ашық халықаралық биржа

ЕНПФ — негізгі институционалды инвестор:

Активтері — шамамен $42,7 млрд;

Портфельдің 53 %-і бағалы қағаздарға салынған;

Мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке компанияларға инвестиция жасайды;

Қазақстанда зейнетақы активтері инвестициялық әрі тұрақтандырушы рөл атқарады. 

Өзбекстанда зейнетақы жүйесі бөлуші модельге негізделген, жинақтаушы бөлігі капитал нарығына ықпал етпейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл институционалдық инвестицияның дамуына және борыштық құралдарға сұраныстың өсуіне кедергі келтіреді.

5. Инфрақұрылым және логистика

LPI-2023 (Дүниежүзілік банк) логистикалық рейтингінде:

Қазақстан — 79-орын

Өзбекстан — 88-орын

6. Институционалдық даму және инвестициялық тартымдылық

2024 жылғы кредиттік рейтингтер:

Қазақстан: Fitch — BBB (тұрақты); S&P — BBB– (тұрақты); Moody’s — Baa1 (тұрақты).

Өзбекстан: Fitch — BB–; S&P — BB–; Moody’s — Ba3 (позитивті болжам).

Қазақстан — инвестициялық деңгейдегі ел, ал Өзбекстан — әлі де саудасанаттық санатта.

Қазақстан жүйелі жетілген ел ретінде көрінеді. Өзбекстан — жылдам дамып келе жатқан ел. Бұл құбылысты әйгілі экономист Роберт Солоу 1956 жылы «қуып жетуші өсім әсері» деп атаған: кедей елдер тең жағдайларда жылдамырақ дамиды.

Қазақстанда:

Қаржылық институттар жақсы дамыған (ЕНПФ, АХҚО, KASE);

Макроэкономикалық тұрақтылық бар;

Биржалық және логистикалық инфрақұрылым сапалы.

Өзбекстан — серпінді дамып келе жатқан экономика, бірақ институционалдық және қаржылық тереңдік бойынша артта келеді.

Төмендегі рейтингтер салыстыру ретінде берілген:

2-кесте. Жаһандық инновациялық индекс (GII) — 2024

Ел және орны: Қазақстан – 78, Өзбекстан – 83, (Салыстырмалы түрде: Қырғызстан99, Тәжікстан107, Грузия 57, Әзербайжан 95, Ресей59)

3-кесте. Адам дамуы индексі (HDI) — 2023

Ел және орны: Қазақстан – 60, Өзбекстан​   98,  (Қырғызстан117, Тәжікстан126, Түрікменстан  94, Грузия57, Әзербайжан81).

5-кесте. Soft Power Index — 2024–2025

Ел​ 2024​- 2025: Қазақстан​ 80, 87; Өзбекстан – 101, 99; (Қырғызстан 148,146; Тәжікстан145,141; Түрікменстан138,134; Грузия54,59; Ресей16,16; Әзербайжан84,81).

Туризмді дамыту индексі (Travel & Tourism Development Index, TTDI)

2024 жылғы WEF есебі бойынша, Қазақстан 119 елдің ішінде 52-орынға көтерілді (2021 жылы — 66). Жалпы балы — 4,07 / 7.

Аймақ бойынша Қазақстан — сөзсіз көшбасшы.

Өзбекстан — 78-орын, Тәжікстан — 99-орын, Қырғызстан — 102-орын,

(Түрікменстан қатыспаған)

Күшті тұстар:

Гигиена және денсаулық сақтау — 5,98

Баға бәсекеге қабілеттілігі — 6,14

Қауіпсіздік — 5,69

Туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері — 5,50

Әлсіз тұстар:

Мәдени ресурстар — 2,07

Көлік инфрақұрылымы — 2,82

6-кесте. Бейбітшілік индексі (Global Peace Index) — 2024

Ел және орны: Қазақстан 59; Өзбекстан​ 60; (Молдова63; Тәжікстан71; Армения 76; Грузия100; Әзербайжан106; Беларусь 112; Ресей 157; Украина159).

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI 2023)

Transparency International мәліметі бойынша:

Қазақстан — 40 балл (180 ел ішінде шамамен 88-орын)

Өзбекстан — 32 балл, (Қырғызстан — шамамен 25, Тәжікстан — 19, Түрікменстан — 17).

Қазақстан — Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие ел.

Міне, еш бұрмалаусыз халықаралық рейтингтер көрсеткіші осыны көрсетеді. Алайда, Қазақстан әлемдегі мұнай, түсті металл, астық нарығында белгілі экспорттаушы ел болып табылады. Сондықтан, Өзбекстанның ЖІӨ туралы айтқанда, ондағы қосылған құн мөлшері, яғни, өндірілген тауарлар көлемі жоғары екендігі – бұл елдің индустриялық дамуға бет бұрғанын білдіреді. Мысалы, өндірістің көзі энергия болса, Өзбекстан соңғы жылдары жасыл энергетиканы дамытуда көш бастады. Бұл дегеніміз Өзбекстанның жақын болашақтағы Өзбекстанның даму қарқыны одан әрі арта береді дегенді білдіреді.

Оның үстіне, Өзбекстан демографиялық дүмпуді бастан кешіріп жатқан ел. Ол халқының саны жағынан бұрынғы Орталық Азия респуликалары арасында алға шықты. Демографиялық өсім, соған сай жұмс орындарын ашуға себеп болмақ. Ал, ол Өзбекстанда ғылыми және мәдени дамуға тікелей ықпал етуші фактор болып табылады.

Ендеше, жақын болашақта Қазақстан мен Өзбекстан өздерінің экономикалық және ғылыми потенциалдарын өзара тиімді келісіммен нығайта түседі деген сенім бар. Солай болуы тиіс тарихи тамыры ортақ халықтардың бірлігі екі елге ауадай қажет.

Әбдірашит Бәкірұлы,

философ-публицист

 

评论
其他材料