Астана уақыты бойынша 20:16-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәлімдеді.
Сейсмикалық дүмпу Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 670 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық сипаттамалары, тереңдігі мен басқа да параметрлері нақтылануда.
Апат салдарынан Қазақстан аумағында дүмпу сезілді деген мәлімет тіркелген жоқ.