Астанада “Асыл Мұра” атты ұлттық музыка кеші өтті

1154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pTyAvLnRjMDf0ABcVX0QRMwrLMT98DU1x9DR7PDg.jpg

4 шілде күні елордада Астана күніне орай “Асыл Мұра” атты ұлттық музыка кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Музыкалық кеш аясында белгілі өнер қайраткерлері, танымал шығармашылық ұжымдар мен дәстүрлі өнердің жанашырлары бір сахнада бас қосты.

Кешке Қазақстанның халық әртістері Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова және елге белгілі өнер майталмандары қатысты.
Ахат Байбосынов, Айгүл Елшібаева, Елмұра Жанаберген, Ақан Әбдуәлі, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Қайрат Кәкімов, Ерболат Шалдыбеков, Өзгеріс Шерікбай, Перизат Тұрарова, Айгерім Нартүйе, Серік Жақсығұлов және Ұлболсын Кенжебай өнер көрсетті.

Клара Төленбаева бұл концерттің Астана әкімдігінің қолдауымен төртінші рет өтіп жатқанын атап өтті.

"Бүгінгі кеш – ұлттық музыкаға деген ерекше құрмет. Мұндай концерттер тұрақты түрде өткізіледі, бірақ “Асыл Мұра” – атауымен де, мазмұнымен де айрықша. Бұл – біздің баға жетпес мұрамыз. Осы мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз", – деді ол.

Кеш барысында ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ақынның әндері мен халықтың сүйікті туындылары да орындалды.

Айта кетейік, Бейбітшілік және келісім сарайында өткен концерт көрермендерге лық толды. 

评论