Өзбекстан президенті ресми сапармен Әзербайжанға барды

1440
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DuZsmTXA9LwgGJinPVDyVPh0r3YdS6KtyXXsGO6o.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Day.Az ақпарат агенттігі хабарлады.

Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі қонақты қарсы алу рәсімі өтті. Әуежайда Өзбекстан мен Әзербайжанның мемлекеттік туы желбіреп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Өзбекстан президентін Әзербайжан үкіметі тарапынан премьер-министрдің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Мемлекеттік сапар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылмақ.

评论