«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, белгілі журналист, фототілші Қуанышбек Қари жиырмасыншы мәрте өткізілген Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл туралы photooner.kz. жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Марапаттау салтанаты Алматыдағы Журналистер одағында өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистикасы академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, танымал журналист Валерий Жандаулетов болып, медиа саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жанашыры Априза Айтбайқызы Рахымбай Ханалы атындағы дәстүрлі сыйлықты өз қолымен табыстап, лауреат Қуанышбек Қариге, Сейітқазы Матаевқа және фотопублицист Асылхан Әбдірайымұлына шапан жапты. Тығыз уақыт графигіне байланысты бірлестік төрағасының шараға қатыса алмауына байланысты, төраға міндетін атқарушы Досжан Балабекұлы Асылхан Әбдірайымұлына табысталған шапанды жұмыс орнына апарып, кигізіп қайтты.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев:
-Құрметті әріптестер, ардақты достар!
Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстандық журналистика жаңа формаларға еніп, өсіп-өркендеп келеді, жаңа жұлдызды есімдер пайда болуда.
Биыл 68 журналист қазақ тілінде 300-ден астам жарияланым, ал 92 журналист орыс тілінде 460-қа жуық материал жолдады.
Бұл деректер жас журналистердің өз әріптестерімен бәсекеге түсіп, өздерін көрсеткісі келетінін және қазылар алқасының пікірін білгісі келетінін айғақтайды.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, ертеңгі күнге деген сенім мен оптимизм тілеймін!»,- деді.
«Құрметті журналист» атағына лайық деп танылғандар:
Карим Бакриденов – Астана қаласы
Хельча Исмаилова – Алматы қаласы
Ерғали Жұмаханов – Абай облысы
Байқал Баяділов – Ақмола облысы
Ғалымжан Төреханов – Ақтөбе облысы
Светлана Қайырғалиева– Атырау облысы
Бекділ Сәдібеков – Шығыс Қазақстан облысы
Құрманбек Әлімжан – Жамбыл облысы
Мырзағали Нұрсейітов – Жетісу облысы
Сырымбек Тұяқов – Батыс Қазақстан облысы
Сергей Высокосов – Қарағанды облысы
Мария Мостовая – Қостанай облысы
Кенжалы Ерімбетов – Қызылорда обылсы
Әнуарбек Жәнібек – Маңғыстау облысы
Светлана Чистякова – Павлодар облысы
Владимир Синенко – Солтүстік Қазақстан облысы
Орынбасар Сүттібаев – Түркістан облысы
Сара Смағұл – Ұлытау облысы
Балтабек Туйетаев — Шымкент қаласы