Ресей Украинаны қорғамақ болған қазақстандықты 12 жылға соттады

1603
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LwgynwLnztA8QnLro0qKimEHOVkNjJNP5R7TQ7oZ.jpg

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы оңтүстік округтік әскери соты 19 жастағы қазақстандық Тұран Устюговты 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол террористік ұйымға қатысу және террористік әрекетке дайындықтан өту бабы бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Устюговтың анасы Эльмира Жанабаева «Азаттық Азия» сайтына берген сұқбатында бұл шешіммен келіспейтінін жеткізді.

«Балам ештеңе істеген жоқ. Оған Украинаны қорғағысы келген ниеті үшін ғана айыптағылып отыр»,—деді қазақстандық азаматтың анасы.

Эльмира Жанабаеваның айтуынша, ұлы Украинаға қолдау білдіріп жүргенін бірнеше рет ашық айтқан. 2024 жылы 27 қыркүйекте ол үйден қашып кеткен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сол күні Устюговтың Қырғызстанмен шекараны кесіп өткенін хабарлаған. Арада 5 күн өткен соң оның Мәскеу аннексиялап алған Қырымда ұсталғаны белгілі болды.

评论