Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық мешітте жүрген видеосы тарады

1733
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mVgaTkhdBWUBxQBAQE0VOK2KSEme8ydk0i26nb77.webp

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласындағы Орталық мешітке барып қайтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы мешіттің азаншысы Қуаныш Сейтханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Желіде жарияланған бейнежазбада экс-президенттің қауіпсіздік қызметінің сүйемелдеуімен мешітке кіріп келе жатқаны көрінеді. Бейнежазба авторының айтуынша, Назарбаев жақсы көңіл күйде болған.

 “Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бас мешітке келді”, – деп жазды азаншы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін басқарған. Президенттік өкілетін тоқтатқаннан кейін де ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы әрі «елбасы» — ұлт көшбасшысы ретінде ықпалын сақтап қалған. Алайда 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін оның саяси мәртебесі мен өкілеттігі айтарлықтай шектелді.

评论
其他材料