“Арманда қалмайын”. Такси жүргізушісінің бойжеткенге тиіскені айтылды

802
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/erVpAsEQZg61GG64rrZMEYFDXLkY5fcpEZTcnewZ.webp

Бойжеткен такси қызметін пайдаланған кезде жүргізушінің әдепсіз әрекетіне тап болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Оқиға Қазақстанның қай өңірінде болғаны айтылмады.

Қыздың айтуынша, ол сапар басында бәрі қалыпты болған. Алайда көп ұзамай жүргізуші жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, бірге серуендеуді ұсынған. Ол қыздың қарсылығына қарамастан табандылық танытқан. 

«Еш болмаса арманда қалғандай болайын, сүйісейікші?» – деп мәжбүрлемек болған.

Қыз бала оқиғадан соң қатты қорқып қалғанын айтты.

«Қатты қорықтым. Ақшаны қайтарып беремін деді, бірақ мен тек көліктен түсуді қаладым», – дейді жәбірленуші.

Қыздың қарсылығынан соң жүргізуші көлік есіктерін іштен жауып, жолаушыға сыртқа шығуға мүмкіндік бермеген кез болған. 
Бойжеткен көліктен шығып үлгеріп, дереу такси компаниясының қолдау қызметіне шағымданған.

Компания өкілдері қауіпсіздік бөлімі тексеру бастағанын айтқанымен, кейін жол ақысы қайтарылмайтынын, ал жүргізушіге қатысты қандай шара қабылданғаны құпия болып қалатынын жеткізген.

Бойжеткен полицияға электронды форматта арыз түсірген. 

评论