Қазақстан Сербияға ұшқышсыз ұшақтарды жеткізеді

3604
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/8cd998e3-818a-4a08-ac01-527c678a57a7.jpeg
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Сербияның YUGOIMPORT-SDPR мемлекеттік компаниясына ұшқышсыз ұшу аппараттары нысандарын жеткізуге келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Нысаналы ұшқышсыз ұшақтарды жеткізумен қатар, компаниялар әскери техниканың бірлескен өндірісін іске қосуға келісті. Бұл – заманауи әскери қаруларды шығару, әскери-өнеркәсіптік кешен саласына соңғы әлемдік стандарттар мен тәжірибелерді енгізу. Болашақта 82 және 120 мм калибрлі ракеталық-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтердің бірлескен өндірісін құру жоспарлануда.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料