Кеуде сүйегі сынған: тәрбиешінің тәртіпсіздігі бейнеге түсіп қалды (ВИДЕО)

5175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-06_140134705.png
Қостанайда No61 балабақшаның тәрбиешісі орындықта отырған үш жасар бүлдіршінді жұлқып тарқанынан, баланың кеуде сүйегі сынып кеткен. Тиісті видеоны TobolInfo ақпараттық агенттігі жариялады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Кадрда баланың еденге құлап жылап жатқанын көруге болады. Бірақ мұғалім жедел жәрдем шақырудың орнына баланы тыныштандыруға тырысады. Үш жасар баланың ата-анасы ауруханаларды аралауға мәжбүр болса, тәрбиеші демалысқа шығып кеткен.
Директордың орынбасары Ботагөз Омар телефон арқылы «Бізде бұл тәрбиешінің жағдайы жақсы, бұдан артық ештеңе айта алмаймыз», - деді.
Сәбидің ата-анасының айтуынша, олар полицияға арыз жазған. Алайда олар «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмейтіндерін мәлімдеді. Видеоны телеграм арнамыздан көре аласыз.
评论
其他材料