Сарбаздардың өліміне әскери сала кінәлі емес – Қорғаныс министрі

4648
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/1587727384_askeri-kyzmetker-kaytys-boldy-kaz-960x500.jpg?token=a6b114111f9d64e3b99c1eedb0a9e040
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясында неге өлім-жітім жиілеп кеткені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Біріншіден, жастар неге өзіне қол жұмсайтынын түсінуіміз керек. Бұған кінәлі тек армия емес қой. Ол армияға келгені, ал әскери қызметкерлердің өміріне командир жауапты екені анық, бірақ ол адам әлдеқашан есейген, азаматтық қоғамнан шығып, бізге жеке мәселесімен келген адам. Әскердің міндеті - келген адамның проблемаларын жою", - деді Жақсылықов Мәжілісте журналистер сұрағына жауап беріп.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес екенін айтқан болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

评论