ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен: – Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан; – Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Есіл” аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.