Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тінту жүргізді

7587
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/a83e5d90-aaa2-43eb-8173-973d9a73d375.jpeg
Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді, деп хабарлайды @kozachkow телеграм каналы.  Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде. Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын. Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

”Адырна” ұлттық порталы

 
评论