Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады

3861
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/ab491490-83f8-472c-bc3f-ed00ff5e7467-960x500.jpeg?token=36c741eb42700d2ae993615f097c6aec
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қазақстан Президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

评论