Конституцияның 7 бабын өзгертіп, қазақ тілін - мемлекет тіл ету керек - Депутат

4281
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/baf74860-0e27-4255-9539-671b28ee2782.jpeg
Депутат Қазыбек Иса мәжіліс отырысында елдегі маңызды мәселелердің бірі қазақ тілі мәртебесін көтерді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Депутаттың айытуынша, Конституцияның 7-бабына өзгеріс енгізетін уақыт келді. Бұл сауалын ол Әлихан Смайыловқа жолдады. 
Қазір халықты біріктіретін идеологиямыз — мемлекеттік тіліміз болуы керек. Мұны елдегі барлық этностар да қолдап отыр. Дегенмен бізде 30 жылдан бері "Мемлекеттік тіл" туралы заң жоқ. Конституциядағы 7-бапты өзгертіп, "қазақ тілі — мемлекеттік тіл" деген жеке дара статусын айқындау қажет. Қазақ тілін міндеттейтін заң қабылдау үшін тағы 30 жыл үшінші Президентті күту керек пе? — деп сауал тастады депутат.

“Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料