Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

3687
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/izobrazhenie_2022-02-22_184946.png
23 ақпанда Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Түнде шығыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде синоптиктердің болжауынша, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Петропавлда күндіз – бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

评论