Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

2942
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0705.jpeg
Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз соққыға жыққан Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше бүлдіршін қатарласын соққыға жыққан. Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қалалық білім бөлімі оқиғаның 51 бөбекжай-балабақшасында болғанын мәлімдеді. «Оқиға кезінде тәрбиеші басқа бөлмеде болған. Ол балаларға түскі ас алып жатқан. Сондықтан балалардың мінез-құлқын бақылай алмаған. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен оған қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды»,—делінген хабарламада.
评论
其他材料