Ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған көктемгі шектеулер бойынша мобильді топ рейдтік іс-шара өткізді

3374
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/15bea93c-411a-43d7-b193-b3829a8a5a12.jpg
Бүгінгі өткет БАҚ өкілдеріне арналған брифингтен кейін “Алматы-Қапшағай” тас жолында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің мобильді тобы мен Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мамандары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған уақытша шектеулер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында, ауыр жүк көліктерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 9 бұзушылық анықталды. Оларға Жылжымалы көліктік бақылау бекетінің Инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып, заңнамада белгіленген тәртіпте айыппұл салынды. Еске сала кетсек, жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу 2020 жылдың 1 наурыз - 1 сәуір аралығында енгізілген болатын. Сонымен қатар, Көлік комитетінің мобильді тобы 1 наурыздан бастап Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде қойылған шектеулер бойынша рейдтік шаралары жүргізілді. Солтүстік өңірлерде 23 наурыз - 1 мамыр аралығында шектеулер енгізілетін болады. Шара барысында 200-ден аса заң бұзушылықтар анықталды.  

«Адырна» ұлттық порталы

评论