• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Uncategorized » Адам өмірінің құны қанша?

    Адам өмірінің құны қанша?

    Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап”Чукотка” барындағы төбелес туралы: Сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты. Оның өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылды, – деп хабарлайды. “Сотталушы Александр Кузнецовтың өтелмеген 5 жыл мерзімі ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұлға ауыстырылды. Айыппұл көлемі – 1 097 281 теңге”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан “Чукотка” бары маңында болған еді. Бұған дейін төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес түнгі клубқа келушілердің арасында болған. Кейінірек осы істе Александр Кузнецов адам өлтірді деп айыпталып, 8 жылға сотталған болатын. Бұдан кейін түнгі клубта болған төбелестен қаза тапқан жігіттің туыстары күдікті Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап еткен еді.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Елбасы Жолдауы – білім саласының жаңа бағдары

    10 қазан 2018 ж. қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұжымы Қазақстан ...