Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай ауданында төрт көше пайдалануға берілді

3415
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/a75b1f4d-c8da-43fb-8242-f0b2c78f4331.jpeg
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді. Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді. Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып, тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз, деді көше тұрғындары. Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.

“Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler