Павлодарда жол апатынан төрт адам зардап шекті

1391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/bf7a8c52-ce25-49e7-92da-3f694b3f89cb-960x500.jpeg?token=bdaaedfce897bd1720de7f4f52ade31d
«Астана–Павлодар» автожолының 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізілуде. Өңірлік жедел жәрдем стансасының дерегінше, төрт адам зардап шеккен: олардың арасында 2009 жылы туған қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар бар. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Yorumlar
Diğer Haberler