Елдік трагедияда көзге түспеген. Әншінің тойындағы Бас мүфти сынға ұшырады

2741
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3332.jpeg
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел ішінде сынның астында қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Желіде оның Астанадан арнайы барып, әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата берген бейнелері тарап жатыр. Қоғам белсенділері мен журналистер Бас мүфтидің халықтық трагедиялар кезінде көзге түспейтінін атап өтуде. Алайда жұлдыздардың қуанышына уақыт тауып келетінін сынға алды. Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жазба жариялаған. «БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!» — деп пікір қалдырды. Ол қоғам қайраткерлері мен дін өкілдерінің елдегі қиын сәттерде бірінші болып үн қатуы тиіс екенін еске салды. Айта кетейік, әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы үйленіп, салтанатты рәсімді бастан-аяқ онлайн көру үшін 1380 тг төлеу керектігі айтылған.
Yorumlar
Diğer Haberler