Елімізде мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Заң жобасының мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту үшін ашық әрі тиімді құқықтық негіз қалыптастыру.
«Мұнай-газ бизнесі өкілдерімен өткен кеңесте мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірлеу мәселесі көтерілді. Бұл бастаманы қолдаймын. Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Әділет министрліктеріне осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Аппаратына тиісті заң жобасын енгізуді тапсырамын»,— деді Бектенов.