Нью-Йоркте такси жүргізушісі бірнеше адамды қағып кетті

1746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/taksi-222-960x500.jpg?token=43903e29a58ed45ec61cfe1831e5de53
Нью-Йорктегі адам көп жүретін алаңда такси жүргізушісі жаяу жүргеншілерді  қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиға салдарынан кемінде алты адам зардап шекті. Бұл туралы Fox News жазды. Нью-Йорктің полиция департаменті Бродвей, Алтыншы авеню және 34-ші көше қиылысатын танымал туристік Геральд-скверде такси бірнеше адамды қағып кеткені расталды. Анықталғандай, такси жүргізушісі – 58 жастағы ер адам. Жергілікті билік өкілдері 9 жасар баланың жарақат алып, аяғын ауыртып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сонымен қатар 41 және 49 жастағы әйел түрлі жарақат алған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Yorumlar
Diğer Haberler