Ақмолада әйел адам жоғалып кетті

2333
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0
Ақмолада әйел адам жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Облыстық полиция департаменті 31 қазан күні сағат 19:00 шамасында Астрахан ауданының 31 жастағы тұрғыны үйден шығып кетіп, оралмағанын растады. Оның жоғалып кеткені туралы туыстары полицияға хабарлаған. Әйелдің белгілері: бойы – 158 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ұзын қара, қой көз. Ол ашық джинс шалбар, қара капюшоны бар қара күрте және ақ кроссовка киген.
"Полиция департаменті із-түзсіз жоғалған Екатерина Александровна Боялскаяның қайда болуы мүмкін екені туралы білетіндер болса, дереу 102 нөміріне хабарлауды өтінді", - делінген хабарламада.
Yorumlar
Diğer Haberler