Мемлекет басшысынан алғыс хат алған продюсер жазба жариялады

2217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/bayan-maқsatқyzy-960x500.jpg?token=4c2a68796b12d345910927d87f7689d0
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады. Продюсер Instagram парақшасында жазба жазып, алғыс хаттың фотосын жариялаған.
«Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қостыңыз», – делінген алғыс хатта.
Президент продюсерге зор денсаулық, отбасына амандық және жұмысына табыс тіледі. Еске сала кетейік, әйгілі продюсер бір сөзінде билік туралы айтқан болатын.
Егер мен президент болсам, парламентті кем дегенде 70-те 30-ға бөлер едім. 70% әйелдер, 30% еркектер, – деді Алагөзова.
Yorumlar
Diğer Haberler