Мемлекет басшысы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2317
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6651-960x500.jpeg?token=c2534df8a7a11c62088b3539c5a5e9dd
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, 9 тамыз күні, Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде бортында 61 адам болған Voepass жолаушылар ұшағы  апатқа ұшыраған болатын.
Yorumlar
Diğer Haberler