Серік Елікбай. Ақ пен қара

4055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/s.png
Біз алдандық деп егілді, мен білер беделдер "сайлау" операциясынан соң. Неге дер сұрақ туары анық. Көзі қарақты дегендер алдандық дегенде-таусыла налыдық... Билік адамдарының қандай белгілері бар? Бүгінгі ойыншы, кешегі сексоттар не ерекшелігімен көзге түседі... Бірінші; олар әсіре ұлтшыл,  соған қарамастан сотталмайды,  қуғын көрмейді. Екінші;  олар ұлтшылдық көзқарасы үшін "қуғын көргендер",  қала берді желтоқсанда кеудесін тосқан батырлар қатарында.  Бірақ, шын фактіге келгенде түсініксіз, құжатсыз мың сылтаулы куәлігі күмәнді... Үшінші; кеңес кезінде комсомол басқарған,  коммунистер қатарына тырнақ іліктірген... Төртінші;  ұлттық қауіпсіздік комитетімен байланысты қызметтер істейді. Сонда аудармашы, қазақ тілінен сабақ беретін жан болады... Бесінші; опозициядамын деп айғайлағанымен әйелі я күйеуі жоғары қызметте жүреді. Оларға бұның зияны тимейді... Алтыншы; олар ауқатты шетел мен ел ішін еркін аралап жүреді. Түсініксіз тренигтерден, ұлтқа қажетсіз жиындардан қыруаыр ақша алады... Жетінші; олардың достарының ішінде лауазымды қызметтегі "кураторлары" бар... Сегізінші;  олар әлеуметтік желілерде бұра тартып әсіре діншіл, жалтақшыл жағымпаз болып көрінеді.Ө зі боққа түссе де, иесін қорғап, артын тосқыш мінезін танытып,  ел тақырыбынан жұртты аударуға тырысады... Тоғызыншы; олар білімді, Абайдан сағаттап жыр оқиды және әсіре әртіс, көз-жасы көл... Оныншы; олар сен күтпеген адамдар, сенетінің... Алданба Алаш... Өзің сарала!  
Yorumlar
Diğer Haberler