Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті

2402
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-16-at-22.04.47.jpeg
Түркістан облысында екі автокөлік соғысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ТЖМ-ға сілтеп. Қазығұрт ауданында жеңіл автокөлік пен "Зил" маркалы жүк көлігі соқтығысты. Бұл оқиға 16 наурыз күні болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің кабинасы өртеніп кетті. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10-ға жуық адам және 3 техника жұмылдырылып, өрт сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Yorumlar
Diğer Haberler