Ақтөбеде мектепте үзіліс кезінде оқушы қайтыс болды

4573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhedel-zhәrdem-kөligi-960x500.jpg?token=7943968fbba253290797b72ecf880c88

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды. Бұл жөнінде Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ақтөбе қаласындағы №27 мектептің 13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп шұғыл жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілді. Ауруханадан суық хабар жетті», - деді Білім басқармасы. Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Yorumlar
Diğer Haberler