Мереке күні қарсаңында елімізде 5 мың Ту көтеру жоспарланып отыр

3155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kөk-tu.jpg

Республика күніне орай елімізде 5 мыңнан астам Ту ілінбек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

25 қазан - Республика күні. Ұлттық мерекеге орай бас қалада күні кеше еріктілер мен тұрғындардың арқасында 1000-ға жуық байрағымыз желбіреген болатын. Мерекелік акцияға тек Жастар қанатының белсенділері ғана емес, барша қазақстандықтар да қатысып жатыр екен. Халық Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне іліп, желбіретуде. Астана тұрғыны Қазым Сәрсенбай:
Волонтерлерді қуана-қуана үйіме кіргізіп, балконға Ту іліп қоюға рұқсат бердім. Өз Отаныма деген сүйіспеншілігім мен мақтанышымды осылай білдіремін. Осы арқылы біз бірлігіміз мен ортақ тарихымызда әрқайсымыздың маңызды екенімізді көрсетеміз, - деді ол.
"Менің Елім – Менің Туым" атты үлкен акцияға "Жастар Рухының" 500-ден астам белсендісі қатысуда. Еріктілер еліміздің барлық өңірінде 5 мың Ту көтеруді жоспарлап отыр.
Yorumlar
Diğer Haberler