Ердоған G20-дан "астық мәмілесі" бойынша Ресейдің ығына жығылуды сұрады

3043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/original-1tcw.jpg
Ердоған G20-дан "астық мәмілесі" бойынша Ресей Федерациясының шарттарын орындауды сұрады. Түркия президенті Ресей экспортының қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ Ресей Федерациясының банктерін SWIFT жүйесіне қайта қосуға шақырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW агенттігіне сілтеме көрсете отырып. 
- Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Үлкен жиырмалық" (G20) елдерінің басшыларын "астық мәмілесін" қайта қарау және Ресей шарттарын орындатуға тырысып жатыр, деп жазады Bloomberg агенттігі.
Агенттіктің айтуынша, Ердоған Нью-Делидегі G20 саммиті кезінде әлемдік көшбасшылармен жабық кездесулер ұйымдастырып, мәмілені қайта бастауға үгіттемек. Саясаткерлер түрік президентінің лондондық Lloyd's компаниясына жүгініп, ресейлік азық-түлік экспортын сақтандыруға жәрдемдесуін сұрайтынын айтты. Сондай-ақ Мәскеуді SWIFT жүйесіне қайта қосуға шақыратынын мәлімдеді.
"Дегенмен, Түркияның бұл қадамы Украинаның одақтастары - АҚШ пен Еуропаға әсер етуі екіталай", - дейді Bloomberg. 
Ал Украина болса, Румыния және Болгариямен теңіздегі қосымша маршрут жайын келісіп жатыр, бірақ сарапшылар мұндай кесіссіөздер ел қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана жаба алатынын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Yorumlar
Diğer Haberler