Путин әскери киімдегі бір топ адамның алдында тұрып халыққа жаңа жылдық үндеу жолдады

4832
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/15f136c2-9061-4a4e-b101-c7259a63822f.jpeg

Ресей президенті Владимир Путин әскери киімдегі бір топ адамның алдында тұрып халыққа жаңа жылдық үндеуін жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің алғаш рет ресейліктерге жаңа жылдық үндеуді Кремльдің фонында жазбағанын мәлімдеді.

Ресей президенті азаматтарды Оңтүстік әскери округ штабында құттықтады.

"Мемлекет басшысы әдеттегідей Кремльдің фонында емес, Украинадағы Ресейдің арнайы операциясына қатысатын әскери қызметшілердің фонында жүгінді", – деді Песков.

Владимир Путин  2023 жылмен құттықтап,  ең ұзақ тоғыз минут сөйледі. .

Путин өзінің құттықтауында соғыстың себептерін және батыс елдерінің Ресейге қатысты ұстанымын атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler