Мектептегі жарылыстан жиырма бес оқушы қаза тапты

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wcpirz8p61eUi5HRePhKPBI6pSXLSKx52MLdoWHc.jpg

Фото: ЖИ

Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында орналасқан орта мектепте жарылыс болды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Салдарынан кемінде 25 оқушы қаза тауып, тағы 50-ге жуық адам жарақат алды.

Report дерегінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы – мектеп оқушылары. Жараланғандар провинциялық ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін Associated Press агенттігі жарылыстың Андар-Сер ауданындағы мектепте бүгін таңертең болғанын хабарлаған еді. Бұл туралы провинция полициясы басқармасының өкілі Фарид Дехкан айтқан.

Қазір жарылыстың нақты себептері анықталған жоқ. Оқиға орнында Кунар провинциясының тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, жарылыс болған Кунар провинциясы Пәкістанмен шектеседі.

Yorumlar
Diğer Haberler