Цирк әртісі биіктен құлап кетті

112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cidgK2WCVH95MaHvquQfnlfG4ltx68o1TmpFIqAa.jpg

Фото: ЖИ

Қарағанды қаласында цирк қойылымы кезінде жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды "Адырна". 

Күрделі акробатикалық нөмір орындаған 23 жастағы әртіс шамамен бес метр биіктіктен бетон еденге құлаған. Оқиға көрермендердің көз алдында болған.

Жас әртіс неміс циркінің құрамында өнер көрсеткен. Қойылымның соңына қарай тепе-теңдігін жоғалтып, биіктен құлап кеткен. Оқиғадан кейін орнынан тұра алмаған әртіске әріптестері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның жамбас сүйектері сынған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат профессор Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

«Науқас шұғыл травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler