Сегіз айдағы ең төменгі көрсеткіш. Бензин арзандады

50
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NQhd8O7kECov4PcxbO0NyhS0M0FotC8nHyJbnN5h.png

Фото: ЖИ

АҚШ-та жанармай бағасы арзандап, бензиннің орташа құны наурыз айының ортасынан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеп.

Қазір елдегі жанармай құю бекеттерінде бір галлон бензиннің орташа бағасы 3,78 долларды (шамамен 3,8 литр) құрайды. 

Мамандардың мәліметінше, бензин бағасының төмендеуіне әлемдік мұнай құнының арзандауы әсер еткен. Бұл Ирандағы соғыс салдарынан туындаған инфляциялық қысымның бәсеңдей бастағанын көрсетеді.

Қараша айының басында мұнай нарығындағы ахуалға әсер еткен екі маңызды оқиға тіркелді. 5 қарашада Иран әскери күштері Ормұз бұғазында рұқсат етілмеген бағытпен өтпек болған бірнеше мұнай танкерінен өрт шыққанын хабарлады.

Осы оқиғадан кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 4 пайызға өсіп, барреліне 98,29 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнай 2,7 пайызға қымбаттап, баррелінің құны 90,52 долларды құрады.

Алайда келесі күні, 6 қарашада, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі аптаға атысты тоқтату туралы келісім жариялады. Бұған Тегеран ұсынған 10 тармақтан тұратын бейбіт бастама негіз болғаны айтылды. Трамп бұл ұсынысты келіссөз жүргізуге мүмкіндік беретін нақты негіз деп бағалады.

Бұл мәлімдеме мұнай нарығына бірден әсер етті. АҚШ мұнайының бағасы 18 пайызға төмендеп, барреліне 93 доллардан азайды. Ал Brent маркалы мұнай шамамен 6 пайызға арзандады.

Нарықтағы осы өзгерістер қараша айында АҚШ-та бензин бағасының төмендеуіне негіз болған факторлардың бірі саналады.

Yorumlar
Diğer Haberler