Министр өзін қызметінен босату туралы бастаманы «саяси қойылым» деп атады

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JfXWhifnXbLZ1ghNw40syoAx6Iq4Ras2n8POK5vb.webp

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет баспасөз мәслихатында өзін қызметінен босату рәсімін бастау туралы ұсынысты сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Ол бұл әрекетті «саяси қойылым» және қоғам назарын аударуға бағытталған қадам деп бағалады. 

Хегсет дүйсенбі күні өзін қызметінен босату рәсімін бастауға бастамашы болған республикашыл конгрессмен Томас Массидің әрекетіне наразылық білдірді. Министрдің айтуынша, бұл жауапкершілікке тарту әрекеті емес, конгрессменнің жеке өкпесі мен менмендігінен туындаған бастама.

«Бұл – өзін жарнамалау амалы», – деді Пентагон басшысы. Сондай-ақ ол заңды әскери операцияларды жүргізгені үшін бұған дейін ешбір қорғаныс министрін қызметінен босату рәсімі басталмағанын алға тартты.

Хегсеттің пікірінше, мұндай бастама АҚШ-тың қарсыластарына үгіт-насихат тұрғысынан артықшылық береді. Ол мұны патриотизм емес, ел мүддесіне нұқсан келтіретін әрекет деп атады.

Баспасөз мәслихатында министр АҚШ-тың Иранға қарсы және есірткі саудасымен айналысады деген күдікке ілінген тұлғаларға қатысты әскери операцияларының заңды негізі бар екенін тағы да айтты.

Хегсет Иранға қарсы жүргізілген «Эпикалық қаһар» операциясын АҚШ пен Израильдің тарихи әскери жеңісі деп бағалады. Оның сөзінше, Иранның әскери-теңіз күштеріне, әуе күштеріне және ядролық нысандарына жасалған соққылардан кейін елдің қарулы күштері айтарлықтай әлсіреген.

Министр Венесуэлада Николас Мадуроны биліктен кетіруге бағытталған әскери операцияны да Трамп әкімшілігінің жетістіктерінің бірі ретінде атады.

Yorumlar
Diğer Haberler