Ұлытау облысында мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3KTWgVpIaYWi0YOCTjJCzurAd47rWuShC0TgHawX.jpg

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.

Іс-шараға Құрылтай депутаты Дархан Ахмадиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев және Халық кеңесінің мүшесі Аманжол Әлтай қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды, атап айтқанда, цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және адами капиталды дамыту мәселелерін талқылады.

Жолдауда жүктелген міндеттерді Ұлытау облысының экономикалық және әлеуметтік әлеуетін ескере отырып жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Құрылтай депутаты Дархан Ахмадиев атап өткендей, Президент Жолдауы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегиялық даму бағдарларын айқындайды.

Маңызды бағыттардың бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейтін «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыру. Бағдарлама аясында білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарын салу, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашу қарастырылған.

Кездесуге қатысушылар халықты әлеуметтік қолдау, медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, білім беру жүйесін дамыту және педагогтерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлді.

Талқылау барысында экономиканың түрлі саласын цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығы аталып өтті. Ұлытау облысы үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану, өнеркәсіпті жаңғырту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері айрықша өзекті.

Сонымен қатар өңір экономикасын әртараптандыру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, туризмді дамыту және жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу перспективалары қарастырылды.

Ұлытау облысында бірқатар ірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес және Үкіметтің қолдауымен 30-ға жуық нысанды жаңғырту қолға алынды.

Бұл жобалар инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Облыстың дамуында көлік инфрақұрылымы маңызды орын алады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Жезқазған және Қаражал қалаларындағы, Жаңаарқа ауданындағы және Қызылжар станциясындағы төрт теміржол вокзалын жаңғыртты. Жаңартылған нысандар қайта пайдалануға беріліп, жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Өңір үшін Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық автомобиль жолдарының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру ерекше маңызға ие. Бұл жобалар көлік қатынасын жақсартуға, жүк және жолаушылар тасымалына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жезқазған – Қарағанды автомобиль жолының құрылысы жалғасуда. Жол желісін дамыту облыстың көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ұлытау ауылында 20 төсек-орындық аурухана мен бір ауысымда 100 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Жезқазған қаласында «Zhyly Zhurek» қорының қолдауымен биылғы шілде айынан бастап бір ауысымда 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынып жатыр.
Сондай-ақ облыс орталығының медициналық инфрақұрылымын жаңғырту аясында онкологиялық корпус пен перинаталдық орталық салу көзделген. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жақын арада бастау жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен қол жеткізілген келісімдер аясында Жезқазғанда балаларға арналған инклюзивті оңалту орталығы мен заманауи инклюзивті спорт кешенін салу жоспарлануда.
Өңірдің спорт, мәдениет және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Атап айтқанда, «Qarmet» АҚ Қаражал қаласында балабақша салуды жоспарлап отыр. Ал «Қазақмыс» корпорациясы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында Жезқазғанда 800 орындық Конгресс-орталықтың, теннис орталығы мен жаңа стадионның құрылысын бастауды көздеп отыр.

Аталған жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Yorumlar
Diğer Haberler