Ақ үйде ауыс-түйіс болуы мүмкін

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

Трамп аралық сайлаудағы жеңілістен кейін әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы ол CBS телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

Журналистердің үкімет құрамында қызметінен босатулар болуы мүмкін бе деген сұрағына Дональд Трамп оң жауап берді.

«Иә, аздаған өзгерістер болуы мүмкін», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар ол қазіргі министрлер кабинетінің жұмысына көңілі толатынын атап өтті. Алайда кейбір лауазымдарға өзгеріс енгізуі  мүмкін екенін де жеткізді. Президент ықтимал кадрлық ауыс-түйістер кімдерге қатысты болатынын нақтылаған жоқ.

Бұдан бөлек, Дональд Трамп соғыс министрі Пит Хегсетке деген сенімін сақтап отырғанын айтты. Бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты Пентагон басшысының әрекетіне демократтардың бірқатар өкілі және кейбір республикашылдар сын айтқан еді.

Yorumlar
Diğer Haberler