Испанияның көлік министрі теміржолдағы екі ірі апаттан кейін отставкаға кетті

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q8LoHAQLvxk0zxpvnq0aajs4JAxK5lNSbvsdu8mM.webp

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте елдің орталық бөлігінде болған теміржол апатынан алты күн өткен соң қызметінен кететінін мәлімдеді. Апат салдарынан 69 адам қаза тапқан. Бұл туралы ол парламентте мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министр Урда қалашығы маңында Мадридтен оңтүстікке қарай 100 шақырым жерде екі пойыздың соқтығысуына қатысты есеп беру кезінде отставкаға кету туралы шешімін жариялаған.

«Испания сияқты елде бір жылдың ішінде осындай екі ірі төтенше жағдай болса, көлік министрі қызметінде қала алмайды», – деді Оскар Пуэнте.

28 қазан күні таңертең Испанияның орталық бөлігіндегі Урда қалашығы маңында Мадрид – Севилья бағытындағы теміржол желісінде мемлекеттік Renfe компаниясына тиесілі жоғары жылдамдықты пойыз Iryo компаниясының жолда тұрған құрамымен соқтығысқан еді. Апат салдарынан 69 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Министр атап өткен екі апаттың алғашқысы 18 қаңтарда Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында, Адамус қаласында болған. Онда да Renfe және Iryo компанияларының пойыздары соқтығысып, 46 адам қаза тапқан, 200-ден астамы жарақат алған.

Өткен аптаның соңында, 30 қазанда Оскар Пуэнте қызметінен кетуді жоспарламайтынын мәлімдеген еді.

«Қазір менің міндетім – қызметімде қалуым керек пе, жоқ па деген мәселені талқылау емес, туындаған мәселені шешу. Қызметтен кету мен үшін әлдеқайда оңай болар еді. Алайда бұл менің мінезіме де, премьер-министрдің маған тапсырған міндетіне де сай келмейді», – деген болатын министр оппозицияның отставкаға кету туралы талабына жауап беріп.

Алайда ол қазіргі мәлімдемесінде парламентте отставкаға кету туралы шешімді 28 қазанда, яғни теміржол апаты болған күні қабылдағанын айтқан.

Yorumlar
Diğer Haberler