Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер Абу-Дабиде өтеді

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IfAtzazRp2qpZs5FBdDp00Htygj8BwqhDtOwd0aG.webp

АҚШ-тың арағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі 10-11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф айтты.

Оның сөзінше, келіссөздер жұмыс топтары деңгейінде ұйымдастырылады. Тараптар соғыстан кейінгі қауіпсіздік мәселелерін, шиеленісті бәсеңдету жолдарын, гуманитарлық бастамаларды және бейбітшілікке қол жеткізудің келесі қадамдарын талқылайды.

Сондай-ақ осы аптада АҚШ өкілдері Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездеседі. Кездесуде Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропаның соғыстан кейінгі қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге көрсетілетін экономикалық қолдау мәселелері қаралады.

Стив Уиткофф бұған дейін Киев, Осло және Санкт-Петербург қалаларында жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген ілгерілеуді нығайтуға үміт білдірді. Оның сөзінше, басты мақсат – ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жан-жақты әрі тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізу.

Айта кетейік, АҚШ-тың арағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы бұған дейінгі келіссөздер 2026 жылғы ақпанда өткен.

Yorumlar
Diğer Haberler