Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

209
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KtrNOhLNJXN40nrKjblIchooQ1gvLWp1sdL1DIOY.jpg

Аида Тулеева Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұған дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Аида Садатқызының мемлекеттік басқару, журналистика және қоғамдық коммуникациялар салаларында мол тәжірибесі бар. Мәскеу политехникалық университетінің Баспасөз және медиаиндустрия жоғары мектебін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалында бастаған. Әр жылдары редактор, редактор-жүргізуші және редактор-талдаушы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ республикалық басылымдардың меншікті тілшісі және Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің қызметкері болған.

2021 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппаратында өңірлік даму мен талдау бағытында еңбек еткен. Сол жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығының директоры болып тағайындалып, бұл қызметті 2025 жылғы наурызға дейін атқарған.

Кейін Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органдарында қызметін жалғастырған. Ал 2025 жылғы қазаннан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Yorumlar
Diğer Haberler