Жолдаудан соң. Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7NqJK0MVwcnj0nhFK2iz4HDqiVK9H6sFYAC7Irzv.jpg

Бүгін, 28 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алған.

Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеген.

Сапар барысында Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler