Сайлаудағы жеңілістен кейін. Бразилия экс-президентінің ұлы АҚШ-қа кеткен

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QtO3m0i9Gckgl4B95PgLVBELPoPjuc19W4w7H1kH.webp

Бразилиядағы президент сайлауында жеңіліс тапқан Флавиу Болсонару елден кеткен. Бұл туралы Guardian жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұрынғы президент Жаир Болсонарудың үлкен ұлы, әсіре оңшыл сенатор Флавиу Болсонару президент сайлауында жеңілгеннен кейін Бразиялиядан кетіп, АҚШ-қа бет алған.

Сайлауда жеңіске жеткен Луис Инасиу Лула да Силва оның бұл әрекетін «масқара» деп бағалаған.

«Ұшақ әуеде», – деп хабарлаған Болсонарудың жақындары журналистерге.

Алайда олар оның нақты қайда бағыт алғанын айтпаған.

Болсонарудың одақтастары оның Флоридаға баратынын және саяси баспана сұрауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

«Дональд Трамп әкімшілігі бұл жағдайдан хабардар», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Бразилияда өткен президент сайлауында елдің қазіргі басшысы Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жеткен болатын. Ал сайлауда жеңіліс тапқан Флавиу Болсонаруға ақшаны жылыстату ісіне байланысты төлқұжатын тапсыру міндеттелген.

Yorumlar
Diğer Haberler