Ипотеканы қалай азырақ төлеуге болады? Halyk жаңа қызметті іске қосты

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vdxy9u2EQ6coFAjHxFpjPz92eHKVrlISNBNRPzNy.jpg

Пәтерді ипотекаға сатып алу – ондаған жылға созылуы мүмкін маңызды қаржылық міндеттеме. Алайда көпшілік рәсімделіп қойған тұрғын үй несиесінің шарттарын өзгертуге болатынын біле бермейді.

Мысалы, ипотеканы басқа банкке ауыстырып, несие мерзімін қайта қарауға және ай сайынғы төлемді азайтуға болады. Мұндай мүмкіндікті Halyk ұсынады. Бұл мақалада сіздерге рефинансілеу қалай жұмыс істейтінін және оның кімдерге тиімді болуы мүмкін екенін түсіндіреміз.

Бірнеше жыл бұрын ипотекаға пәтер сатып алдыңыз деп елестетіңіз. Содан бері табысыңыз, шығындарыңыз, отбасылық жағдайыңыз бен қаржылық басымдықтарыңыз өзгерді. Алайда ай сайынғы табысыңыздың белгілі бір бөлігі әлі де несиені өтеуге жұмсалады.

Ал ипотека шарттарын да өзгертуге болатынын білесіз бе?

Бұл үшін рефинансілеу қызметі бар. Ол ипотеканы бір банктен екінші банкке ауыстырып, несиелеу шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Halyk ипотеканы рефинансілеуге арналған жаңа өнімді іске қосты. Бұл жаңа баспана сатып алу немесе екінші ипотека рәсімдеу дегенді білдірмейді. Клиент өз пәтері үшін несиені төлеуді жалғастырады, бірақ енді жаңа банктің шарттарымен төлейді.

Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – ай сайынғы төлемді азайту мүмкіндігі.

Қарапайым мысалды қарастырайық. Бірнеше жыл бұрын Асқар өз пәтерін сатып алуды ұйғарды*. Ол бастапқы жарнаға ұзақ уақыт ақша жинап, баспана таңдап, ақыры Қазақстан банктерінің бірінен ипотека рәсімдеді.

Пәтер сатып алынды, арманы орындалды. Бірақ жеке баспанамен бірге елеулі қаржылық міндеттеме де пайда болды: Асқар ай сайын банкке шамамен 290 мың теңге төлейді. Ипотека бойынша жылдық мөлшерлеме 22,5%-ды құрайды.

Осыдан кейін Асқар ипотекасын тиімдірек шарттармен Halyk банкіне рефинансілеуді шешті.

Ол кезде ипотекалық қарызының қалған сомасы 15 миллион теңгені құраған, ал несиені өтеуге әлі 15 жыл қалған.

Банк мамандары қалған қарызды жылдық 19,5% мөлшерлемемен сол мерзімге Halyk банкіне ауыстырған жағдайда, ай сайынғы төлем шамамен 258 мың теңге болатынын есептеп берді.

Осылайша, ай сайынғы төлем 32 мың теңгеден астам сомаға, ал бір жылда шамамен 385 мың теңгеге азаяды.

Алайда ең тиімді тұсы – ұзақ мерзімді нәтижесінде. Несие мерзімін өзгертпей, ипотеканы жаңа кесте бойынша 15 жыл бойы төлеген жағдайда, рефинансілеуге байланысты қосымша шығындарды есептемегенде, төлемдер арасындағы жалпы айырмашылық 5,5 миллион теңгеден асады.

Яғни Асқар бұрынғы пәтерінде тұра береді, бірақ отбасылық бюджеттің едәуір бөлігін басқа мақсаттарға – саяхатқа, білім алуға, ақша жинауға немесе күнделікті қажеттіліктерге жұмсай алады.

Halyk ипотеканы рефинансілеу бағдарламасы дәл осындай мүмкіндік ұсынады. Басқа банктердің клиенттері қолданыстағы ипотекалық несиесін Halyk банкіне ауыстырып, тиісті талаптарға сай келген жағдайда ай сайынғы қаржылық жүктемесін азайта алады.

Бағдарлама бойынша жылдық мөлшерлеме 19,5%-дан 22,5%-ға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 21,59%-дан 25,00%-ға дейін), ал несие мерзімі 20 жылға дейін белгіленген. Алдын ала есептеу алу үшін қажетті құжаттармен Halyk бөлімшесіне жүгіну жеткілікті.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – несиені онлайн режимде комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі. Бұл клиентке қосымша қаражатты қарызды өтеуге бағыттап, берешек көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Рефинансілеу аясында Halyk қаражаты есебінен өмір мен мүлікті сақтандыруға қатысты қосымша шарттар да қарастырылған. Ал жалақы жобаларының қатысушылары үшін ай сайынғы төлемдерді автоматты түрде өтеу мүмкіндігі бар.

Ипотеканы рефинансілеу шарттары туралы толығырақ halykbank.kz сайтынан білуге болады.

*Асқар туралы мысал шартты түрде берілген. Нақты пайыздық мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері мен үнемделетін қаражат көлемі әр клиент үшін жеке есептеледі.

Yorumlar
Diğer Haberler