Президент Қауіпсіздік кеңесінде жаңа тағайындаулар жасады

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Tzg8L22N5jqZz6bdvRVaHOzdMol1XtVyayYNhRtf.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы бүгін, 19 қазанда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімдеріне сәйкес, Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Ал Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімін басқарады.

Айта кетейік, 11 қыркүйекте президент Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекіткен болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler